Туысқандар — Қолдау

Туысқандар — туыстарыңыздың тізімін жасап, шежіре түрінде реттеп көрсететін қосымша. iPhone және Android нұсқалары бар.
In English ↓

Байланыс

Сұрағыңыз болса немесе қате тапсаңыз, жазыңыз: akhanzh@gmail.com
Әдетте 1–2 жұмыс күні ішінде жауап беремін. Хатта базаңыздың нөмірін көрсетсеңіз (ол «Тағы…» бөлімінің төменгі жағында жазулы тұрады), тезірек көмектесе аламын.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымшаға қалай кіремін?

Есіміңіз бен туған күніңізді енгізесіз. Егер сізді туысыңыз бұрын базаға қосқан болса, қосымша сол базаны тауып, соған қосады. Табылмаса, өзіңізге жаңа база ашуды ұсынады.

Телефонымды ауыстырсам, деректерім жоғала ма?

Жоқ. Барлық дерек серверде сақталады. Жаңа телефонда сол есім мен туған күнмен кірсеңіз, бәрі орнында тұрады.

Туысымның деректері қате жазылған. Қалай түзетемін?

Сол адамның парақшасын ашып, суреттің оң жағындағы қаламсап белгісін басасыз. Есімін, тегін және туған күнін сол жерде өзгертуге болады.

Екі базаны қалай біріктіремін?

Біріктіру өзі жүреді: екі базада бір адам (есімі мен туған күні бірдей) кездессе, қосымша оларды байланыстырып, екі шежірені бір-біріне жалғайды.

Жазылымды қалай тоқтатамын?

Жазылым Apple арқылы жүреді, сондықтан телефонның баптауынан тоқтатылады:
Баптаулар → жоғарыдағы атыңыз → Жазылымдар → Туысқандар → Жазылымды тоқтату.
Тегін сынақ мерзімінде тоқтатсаңыз, ақша алынбайды. Тоқтатқаннан кейін де төленген мерзім аяқталғанша қосымша жұмыс істей береді.

Ақшамды қайтаруға бола ма?

Төлемді Apple қабылдайтындықтан, ақшаны да Apple қайтарады: reportaproblem.apple.com бетіне кіріп, сұраныс қалдырыңыз.

Базамды және барлық деректерімді қалай жоямын?

Егер база сіздікі болса (оны өзіңіз ашқан болсаңыз): Тағы… → Базамды жою. Бұл батырма база иесіне ғана көрінеді және базаға басқа туысқан кірмеген, база басқа базамен бірікпеген жағдайда ғана жұмыс істейді — әйтпесе онымен бірге басқа адамдардың деректері де жойылып кетер еді.

Шарттар сәйкес келмесе немесе батырма көрінбесе, akhanzh@gmail.com мекенжайына базаңыздың нөмірін жазып жіберіңіз.

Мені туысым өз базасына қосып қойған. Өзім туралы жазбаны қалай алдыртамын?

Ол жазба — туысыңыздың өз шежіресінің бөлігі. Сізді одан шығарып жіберсе, соған байланысты басқа адамдардың жазбалары да өзгереді: мысалы, жұбайыңыз жұбайсыз, балаларыңыз әкесіз (немесе шешесіз) болып қалады. Сондықтан ол шешімді шежірені жасаған адамның өзі қабылдағаны дұрыс.

  1. Алдымен сізді қосқан туысыңызға айтыңыз. Ол қосымшадан сіздің парақшаңызды ашып, «Байланысты үзу» арқылы сізді шежіреден шығара алады.
  2. Ол кісімен байланыса алмасаңыз — akhanzh@gmail.com мекенжайына жазыңыз. Сіз туралы жеке мәліметтерді — фотосуретіңізді, чаттағы хабарламаларыңызды, кіру жазбаларыңызды — 30 күн ішінде өшіремін.
  3. Есіміңіз бен отбасылық байланыстарыңызды да толық өшіру қажет деп есептесеңіз, сол хатта себебін жазыңыз — әр жағдайды жеке қарап шешеміз.

Чатта дөрекі хабарлама көрдім.

Хабарламаның жанындағы «⋯» белгісін басып, Шағымдану немесе Осы қолданушыны блоктау дегенді таңдаңыз. Шағым маған келеді, блокталған қолданушының хабарламалары сізге көрінбейді. Блокталғандардың тізімі: «Тағы… → Блокталған қолданушылар».

Деректерім қайда сақталады?

Құпиялылық саясатын қараңыз.


Relatives — Support

Relatives helps you build a list of your relatives and view it as a family tree. Available for iPhone and Android.

Contact

Questions or bug reports: akhanzh@gmail.com
I usually reply within 1–2 business days. Including your database number (shown at the bottom of the "More…" screen) helps me answer faster.

Frequently asked questions

How do I sign in?

Enter your name and date of birth. If a relative has already added you to their database, the app finds it and connects you. If not, it offers to create a new database for you.

Will I lose my data if I change phones?

No. All data is stored on the server. Sign in on the new phone with the same name and date of birth and everything will be there.

A relative's details are wrong. How do I fix them?

Open that person's page and tap the pencil icon to the right of the photo. You can change the first name, last name and date of birth there.

How are two databases merged?

Merging happens automatically: when the same person (same name and date of birth) appears in two databases, the app links them and joins the two trees.

How do I cancel my subscription?

The subscription is handled by Apple, so it is cancelled in your phone settings:
Settings → your name at the top → Subscriptions → Relatives → Cancel Subscription.
Cancelling during the free trial means you are not charged. After cancelling, the app keeps working until the paid period ends.

Can I get a refund?

Apple takes the payment, so Apple also handles refunds: go to reportaproblem.apple.com and submit a request.

How do I delete my database and all my data?

If the database is yours (you created it): More… → Delete my database. The button is shown only to the owner, and works only if no other relative has joined the database and it has not been merged with another one — otherwise other people's data would be destroyed along with yours.

If those conditions are not met, or the button is not shown, email akhanzh@gmail.com with your database number.

A relative added me to their database. How do I get my entry removed?

That entry is part of your relative's own family tree. Removing you also changes other people's records: your spouse would be left without a spouse, your children without a father (or mother). So the person who built the tree should be the one to make that decision.

  1. First, ask the relative who added you. In the app they can open your page and use "Unlink" to remove you from the tree.
  2. If you cannot reach them, email akhanzh@gmail.com. I will delete your personal details — your photo, your chat messages and your sign-in records — within 30 days.
  3. If you believe your name and family links must be removed as well, explain why in that email and I will review each case individually.

I saw an abusive message in the chat.

Tap "⋯" next to the message and choose Report or Block this user. The report comes to me, and messages from a blocked user are hidden from you. Blocked users are listed under "More… → Blocked users".

Where is my data stored?

See the privacy policy.