Қазақша · Русский · English · Кыргызча · Ўзбекча
Соңғы жаңарту: 2026 жылғы қыркүйек. Android және iPhone нұсқаларына қолданылады.
Қосымша геолокацияны, контактілерді және микрофонды пайдаланбайды. iPhone нұсқасында жарнама жоқ және сізді басқа қосымшалар мен сайттар арқылы бақыламайды. Android нұсқасында Google AdMob жарнамасы көрсетіледі; ол жарнама үшін құрылғының жарнамалық идентификаторын қолдануы мүмкін — оны құрылғы баптауларынан өшіруге болады.
Ақпарат aqan.kz серверінде тек қосымшаның жұмыс істеуі үшін сақталады: туысқандар тізімін көрсету, телефонды ауыстырғанда деректерді қалпына келтіру. Ақпарат сатылмайды, жарнамаға немесе үшінші тұлғаларға берілмейді.
Деректер серверге HTTPS арқылы шифрланып жіберіледі. Серверде олар шифрланбаған күйде сақталады. Сақталған деректерді браузер арқылы көру мүмкіндігі қарастырылмаған — оларға тек қосымша арқылы қол жеткізуге болады.
Камера мен фотосурет тек сіз фото қосқыңыз келгенде ғана, сіздің рұқсатыңызбен қолданылады.
Әулеттер мен рулар бұтағы, сондай-ақ жалпы чат — барлық қолданушыларға ортақ. Оларға жазылған мәтін басқа қолданушыларға көрінеді. Дөрекі хабарламаға шағымдануға және оның авторын блоктауға болады.
Егер екі базада бір адам (есімі мен туған күні бірдей) кездессе, қосымша сол екі базаны байланыстырады. Осыдан кейін сіз енгізген деректер сол туысыңызға да көрінеді — қосымшаның мақсаты ортақ шежіре жасау.
Қосымшаны ересектер қолданады. Балалар туралы деректерді (есімі, туған күні, фотосы) оларды базаға қосқан ересек адам өзі енгізеді. Бала туралы жазба керек болмаса, оны қосымшадан өшіруге болады.
iPhone нұсқасында ақылы жазылым бар. Төлемді Apple қабылдайды: карта деректеріңізді біз көрмейміз және сақтамаймыз.
База сіздікі болса (оны өзіңіз ашқан болсаңыз), оны және ондағы барлық деректерді қосымшаның ішінен жоясыз: Тағы… → Базамды жою. Бұл батырма база иесіне ғана көрінеді және базаға басқа туысқан кірмеген, база басқа базамен бірікпеген жағдайда ғана жұмыс істейді — әйтпесе онымен бірге басқа адамдардың деректері де жойылып кетер еді.
Сізді туысыңыз өз базасына қосқан болса, ол жазба — сол кісінің шежіресінің бөлігі. Сізді одан шығарса, басқа адамдардың жазбалары да өзгереді (жұбайыңыз жұбайсыз, балаларыңыз әкесіз/шешесіз болып қалады), сондықтан оны сол кісінің өзі істегені дұрыс: қосымшадағы «Байланысты үзу» арқылы.
Байланыса алмасаңыз немесе шарттар сәйкес келмесе, akhanzh@gmail.com мекенжайына базаңыздың нөмірін (ол «Тағы…» бөлімінің төменгі жағында көрсетіледі) жазып жіберіңіз. Фотосуретіңіз, чаттағы хабарламаларыңыз және кіру жазбаларыңыз 30 күн ішінде жойылады. Есіміңіз бен отбасылық байланыстарыңызды да өшіру қажет деп есептесеңіз, себебін жазыңыз — әр жағдайды жеке қараймыз. Толығырақ: қолдау беті.
akhanzh@gmail.com · Қолдау беті